
«Бірлік пен келісім - Қазақстан дамуының негізі» атты кездесу
2023 жылдың 13 қараша күні Жамбыл ауданы Ұзынағаш аулында қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері, Филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. «Парасат ордені» нің және "Тіл жанашыры" құрмет белгісінің иегері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Осман Асылы Әлиқызымен кездесу өтті.
«Бірлік пен келісім - Қазақстан дамуының негізі» тақырыбында өткен кездесуге Жамбыл ауданының Ақсақалдар, Аналар кеңестерінің төрағалары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар, ауыл тұрғындары қатысты.
Кездесудің мақсаты - бірлік пен келісім - мемлекетіміздің ең басты тірегінің бірі және тұрғындар, жастар, өзге этностар арасында достық пен татулықты, бірегейлікті сақтау, дамыту. Осман Асылы Әлиқызы елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығын ең басты назарда ұстау қажеттілігі, ең басты тәрбие отбасы тәрбиесі төңірегінде әңгіме қозғап, патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулыды.