
Алматы облысында «Этносаясат және этномедиация негіздері, этносаралық келісімді нығайту әдістері» жобасы басталды
Алматы облысының ішкі саясат басқармасы тапсырысымен 2023 жылдың 12-13 қазан күндері мемлекеттік әулеуметтік тапсырыс арқылы «Этносаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайту» жобасы бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Жобаның мақсаты - Алматы облысында этносаралық келісімді, толеранттылықты нығайтуға, ксенофобия мен сепаратизмнің алдын алу.
Жоба негізінде 12 қазан күні Қонаев қаласы мен Ұйғыр, Іле аудандарында «Этносаясат және этномедиация негіздері, этносаралық келісімді нығайту әдістері» тақырыбында дәріс ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға ауылдық округ әкімдері мен учаскелік инспекторлары қатысты. Дәрісті Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының» директоры Талғат Бегімұлы Қалиев оқыды.
Жоба 13 қазан күні Қарасай, Жамбыл, Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарында жалғастырылды.
Оқыту бағдарламасы бойынша өңірлік этносаясатты, этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау органдары, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерінің негізгі құзыреттерін дамыту аспектілері қамтылды.
Аталған іс-шаралар облыстың басқа аудандарында қараша айы бойы өткізілетін болады.