Алматы облысы әкімдігі Ұлттық «Мерейлі отбасы» конкурсының облыстық кезеңінің 2023 жылғы жеңімпаздарын анықтады

Алматы облысы әкімдігі Ұлттық «Мерейлі отбасы» конкурсының облыстық кезеңінің 2023 жылғы жеңімпаздарын анықтады

Алматы облысы әкімдігі Ұлттық «Мерейлі отбасы» конкурсының облыстық кезеңінің 2023 жылғы жеңімпаздарын анықтап, 26 қыркүйек күні Қонаев қаласының Мәдениет үйінде жеңімпаздарды салтанатты марапаттады.
Жыл сайын «Мерейлі отбасы» байқауына әр сала бойынша көпбалалы отбасылар қатысуда (кәсіпкер, дәрігер, ұстаз, спортшы, мәдениет). Олар білікті маман, беделді шаңырақ иесі екендігін дәлелдеп, көпшілікке үлгі көрсетуде.
Жүлделі III орынды Қарасай ауданы, Қаскелең қаласынан Дайлыбековтар отбасы, жүлделі II орынды Қонаев қаласынан – Қолановтар отбасы, жүлделі I орынды Жамбыл ауданы, Ақсеңгір ауылдық округінен Адияттар әулеті иеленді.
Басқа аудандандардан келген отбасыларына да ынталандыру сыйлықтары табысталып, облыс әкімдігінің грамоталарымен марапатталды. Олар : Іле ауданынан Түймелиевтер отбасы, Ұйғыр ауданынан Төлешовтер отбасы, Кеген ауданынан Бекеевтер отбасы, Еңбекшіқазақ ауданынан Тегінбаевтар отбасы, Райымбек ауданынан Әшімбаевтар отбасы, Балқаш ауданынан Рахимовтар отбасы, Талғар ауданынан Гетало отбасы.