
17 тамызда Еңбекшіқазақ ауданында «Ауылдық аумақтарды дамытудағы мемлекет пен ҮЕҰ серіктестігі» тақырыбында ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Алматы облысының Азаматтық форумы өтті.
Екі жылда бір рет өткізілетін ҮЕҰ форумы биыл Еңбекшіқазақ ауданында өткізілді. Форумға еліміздің түкпір-түкпірінен үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істейтін адамдар жиналды. Форумға 5 облыстан делегаттар келді. Барлығы 100 адам қатысты.
Форум барысында айтылған басты ұсыныс облыстық басқармалардың өз бағыттары бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындамауы болды.