Алматы облысы: «Public lecture» дәрістер сериясы басталды

Алматы облысы: «Public lecture» дәрістер сериясы басталды

Алматы облысы: «Public lecture» дәрістер сериясы басталды

Бүгін Алматы облысында «Almaty region PUBLIC LECTURE» дәрістер сериясы басталды. Бұл жоба аясында мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал тұлғалар жас буынмен түрлі тақырып аясында кездесулер өткізбек. Ол өз кезегінде коммуникацияны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Жандар Асан Facebook парақшасында жазды.

Дәрістер сериясының басты мақсаты – ортақ құндылықтары мен жалпыұлттық тарихи санасы негізінде халық бірлігін нығайту, өскелең ұрпақты ізгілік пен қайырымды істерге баулу.

24 ақпаннан бастап спикерлер облыстағы білім беру мекемелері мен оқу орындарының білім алушыларымен, түрлі еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізуде. Оның барысында жастар арасындағы этносаралық татулық, қоғамдық келісімді нығайту, этномедиация институтын дамыту, төл тарихымызды дәріптеуге қатысты өзекті мәселелер негізгі әңгіме арқауы болды.