
Алматы облысы әкімдігі «Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығару күніне» орай Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу ұйымдастырды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов облыстық басқарма басшыларымен бірге ардагерлермен кездесіп, мәселелерін талқылады. Ауған соғысы ардагерлерінің облыстың қоғамдық-саяси дамуына белсенді қатысқандығы үшін алғысын білдіріп, марапаттады.
Жалпы, Ауғанстандағы әскерлерді шығару күніне орай облыста 56 шара ұйымдастырылып, өткізілді.