
"Алматы облысы ішкі саясат басқармасы» ММ-нің ұйымдастыруымен жастардың жаңа бастамаларын қолдау мақсатында Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлының қатысуымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грант иегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Шара барысында өңір басшысы 4 бағыт бойынша 15 жеңімпаз атанған жастарға 1 000 000 теңгеден ақшалай сертификат табыс етті.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грант иегерлерінің тізімі:
МӘДЕНИЕТ БАҒЫТЫ бойынша иегері:
- МАҚАТАН Жәнібек Мақатанұлы
“Көне музыкалық ұлттық аспаптары сыбызғы мен сазсырнай жасау және үйрету” жобасы.
- ҚҰТТЫҚБАЙ Сәкен Мұхтарұлы
“Халық әндерін орындайтын жас өнерпазға бейнеклип түсіру” жобасы.
БИЗНЕС БАҒЫТЫ бойынша иегері:
- ӘЖІМБАЙ Берік Мадиярұлы “Табиғи қайыспен ағаштан ою-өрнектелген ертоқым жасау” жобасы.
- МУБАРАК Олжас Талғатұлы Қарасай ауданы, Тұрар ауылында “Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жеке оңалту жабдықтары мен ойын кешендерін өндіру” жобасы.
- ЖЕТПІСБАЙ Ақбота Жетпісбайқызы “Балқаш ауданы, Көктал ауылында сұлулық саланын ашу” жобасы.
- РАДЖАПОВА Азиза Муратбаевна “Есік қаласында ЗD гипс панель өндірісі” жобасы.
- АБЫЛКАСИМОВА Лаура Ермухаметқызы “«FRUITQAQ» жобасы, жемістерді кептіріп, тиімді бағада сату” жобасы.
- ҚӘДІР Ернұр Абайұлы “Балқаш ауданы, Бақанас ауылында жаңа технологияларды пайдалана отырып, мал азығы өндірісін дамыту” жобасы.
- ДҮЙСЕНҒАЛИ Дінмұхамед Рұсланұлы
“Қонаев қаласында автомобильдің сыртқы және ішкі көрінісін қалпына келтіруге арналған «Detaling center» ашу жобасы.
- БЕКСЕИТОВ Бекболат Дәулетұлы Талғар ауданы, Бесағаш ауылында кілемдер мен жиһаздарды сапалы тазалау «TAZA LIFE» жобасы.
- БЕРДИБАЕВ Мади Жарылқасынұлы “Тұтынушы талабына сай дизайнды сыйлықтар жасау” жобасы.
ҒЫЛЫМ БАҒЫТЫ бойынша иегері:
- ЖАЛҒАС Айгүл Абайқызы “Талғар қаласында логопед-дефектолог, мектепке дейінгі даярлық курсын ашу” жобасы.
- СЕИТМУХАНБЕТОВА Бекзат Бахытжановна “Есік қаласында ағылшын тілін оқыту орталығын ашу” жобасы.
- ЖАЛҒАС Мейрамбек Абайұлы “Түрген ауылында менталды арифметика оқыту орталығын ашу” жобасы.
МЕДИА БАҒЫТЫ бойынша иегері:
- ҚҰТТЫҚБАЙ Сәкен Мұхтарұлы “Нашақорлық, уақыт, құмар ойын атты қысқаметражды фильмдер түсіру” жобасы.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грант иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!