
2022 жылғы 1-30 қазан аралығында Алматы облысының логотипінің эскизін әзірлеуге жарияланған конкурс нәтижесі ереженің талаптарына сәйкес келмеуінен конкурстық комиссия шешімімен қайта жариялау ұсынылды.
Осыған байланысты, 2023 жылғы 7 қаңтардан 6 ақпанға дейін конкурс қайта жарияланды.

Конкурсқа қатысу шарттары:
Байқау шарттарына сәйкес, жаңа логотип Алматы облысының мәдени, географиялық, тарихи ерекшеліктеріне негізделе отырып жасалуы керек. Сонымен қатар логотип көркемдік-эстетикалық талаптарға сай келетін бейнеде жасалуы қажет.
Бұдан бөлек, өңірдің ресми таңбасы кез келген қолдану әдісімен көшіруге жарамды болуы тиіс.
Логотип эскиздерін бағалау критерийлері: