
Хабарландыру!
Алматы облысының әкімдігі Алматы облысы әкімінің «Заңғар» жастар сыйлығына байқау жариялайды.
«Заңғар» сыйлығы шығармашылығы, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін талантты жастарды қолдау мақсатында жыл сайын беріледі.
Байқау 10 номинация бойынша өтеді:
Байқауға өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде 14-28 жастағы Алматы облысының азаматтары, түрлі конкурстардың, фестивальдар мен көрмелердің лауреаттары, спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын тиісті саланың және тұтастай қоғамның дамуына ықпал ететін қатысушылар үміткер болады.
Конкурс Ережесі туралы толық ақпарат облыстық ішкі саясат басқармасының сайтында жарияланған.
Сыйлыққа ие болған жастарға Алматы облысы әкімінің «Заңғар» жастар сыйлығының лауреаты атағы, мүсінше, диплом және ақшалай сыйлық беріледі.
Байқауға қатысушылардың құжаттары 2022 жылғы 10 желтоқсанға дейін келесі мекенжай бойынша қабылданады: Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, 7/5 және электрондық пошта арқылы zangarpremya@gmail.com.
Анықтама телефоны: 8 708 373 31 05; 8 707 802 62 02.