
Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлайды.
Үміткер - конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде жасы он төрттен кем емес және жиырма сегізден аспайтын, конкурсқа қатысуға конкурстық өтінім берген Алматы облысының азаматы.
Гранттар Алматы облысының азаматарына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде мынадай бағыттар бойынша беріледі:
«Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және дайындауға арналған;
«Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 18.11.2022-ден 07.12.2022-ге дейін, жұмыс күндері дүйсенбі-жұма, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен, Конаев қаласы, Қонаев көшесі 7/5 мекенжайы бойынша.
Байланыс нөмерлері: 8 7078782620 Амина, 87765630204 Нұрсұлтан