Жоба: "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдармен жұмыс жөніндегі қызметті ұйымдастыру"

Жоба: "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдармен жұмыс жөніндегі қызметті ұйымдастыру"

Алматы облысында "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдармен жұмыс жөніндегі қызметті ұйымдастыру" жобасы жүзеге асырылуда.

Пробация қызметімен бірлесе топ құрылып, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың әлеуметтенуіне және еңбекке бейімделуіне қажеттіліктері айқындалатын болады.

Сондай-ақ, бизнес жобаларды жазу және өз бизнесін дамыту үшін гранттарды алу мүмкіндігі үшін шаралар кешені өткізілді.

2022 жылғы 8-12 тамыз аралығында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдар үшін "Өз бизнесіңді баста" семинары өтеді. Қорытындысында 3 жеңімпаз анықталады, олар өз бизнесін дамыту үшін жалпы сомасы 3 000 000 теңгеге үш грант алады.