
2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасын, сондай – ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы новеллаларды түсіндіру бойынша сұрақтарды жылдамдату мақсатында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Бекболат Әбенов дәріс өткізді.
Дәрісте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы новеллалар мәселелері қаралды.
Сондай-ақ, дәріс қатысушыларына әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша түсініктемелер берілді. Кері байланыс барысында қатысушыларға барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.