
Сабантуй - татар және башқұрт халықтарының ең көңілді, де сүйікті, салтанатты мерекесі. Мереке - туыстар мен көңілді достардың бас қосуы, кездесу орны болып табылады. Бұл мерекеде спортта күш сынасып, күш, ептілік, мықтылықтары бойынша жарысады. Сабантуй өзінің салт-дәстүрін сақтай отырып, халықтың өткені мен болашағы арасындағы байланыстырушы күш ретінде қазақстандықтардың бірлігінің символына айналды.
Іс-шара аясында «Куряш» ұлттық күресі, «Қасықпен жүгіру», «Бой горшков», «Шелекпен жүгіру» және т.б. спорттық-ойын жарыстары ұйымдастырылды. Шығармашылық ұжымдар мен халықаралық және республикалық байқаулар мен фестиваль лауреаттарының қатысуымен өткен концерттік бағдарлама мерекенің көрермендері мен қонақтарын ерекше қуанышқа бөледі. Ал Татарстаннан келген қонақтар Алсу Ибрагимова мен Рустам Егоров концерттік бағдарламаның сәніне айналды.
Мерекенің соңында спорттық ойындардың жеңімпаздары мен іс-шараға белсенді қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады.