Облыстық Аналар кеңесі Жетісу облысы Ақсу ауданы Қызылағаш, Сағабүйен ауылдарының әйелдер қауымымен кездесу өткізді

Облыстық Аналар кеңесі Жетісу облысы Ақсу ауданы Қызылағаш, Сағабүйен ауылдарының әйелдер қауымымен кездесу өткізді

Кездесу отбасы институтын нығайтуға, қазақстандық отбасының жаңа имиджін насихаттауға, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға, мемлекеттік отбасылық саясат саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы халықты кеңінен ақпараттандыруға бағытталды.

Кездесуге облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Н.Баймадиева, Жетісу облыстық іскер әйелдер кеңесі төрағасының орынбасары, Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менторы С.Оңғарбаева, орталықтың консультанты М.Байборина қатысты.

Бүгінгі таңда кәсіппен айналысқысы келетін ауыл әйелдерін, көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі балалары бар аналарды кәсіпке баулу үшін оқыту бағдарламалары мен іс-шараларға қатысу бойынша ала алатын қызметтер кешені туралы толық ақпарат берілді.

Жиында  Қызылағаш ауылдық Аналар кеңесінің мүшелері бірауыздан Қызылағаш негізгі орта мектебінің ұстазы Салтанат Сапированы кеңес төрағасы сайлады.