Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы аясында Алматы облысының Іле ауданында «Қазақстан Республикасының рәміздері – халықтың рухани бағдары» атты облыстық форум өтті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы аясында Алматы облысының Іле ауданында «Қазақстан Республикасының рәміздері – халықтың рухани бағдары» атты облыстық форум өтті.

Іс-шара мемлекеттік рәміздерді, мемлекеттік тілді, ұлттық салт-дәстүрлерді білуге қызығушылықты жандандыру, өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезімді тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

Форум аясында ұйымдастырылған онлайн-байқаулардың қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті.

«Менің Әнұраным! Менің туым! Менің Қазақстаным!» өлеңдер, әндер байқауында қатысушылар ән орындау немесе өлеңді мәнерлеп оқу арқылы бейнеролик түсірді. Бірінші орынды «Юнона» зияткерлік мектебінің оқушысы П.Бубенец иеленді.

«Менің туым – менің тарихым!»  суреттер, қолөнер бұйымдары байқауында қатысушылардың жұмыстары әр түрлі көркем техникада (май, акварель, тушь, қарындаштар, борлар, гуашь, коллаж, компьютерлік графика) орындалды. Бірінші орынды «Балдәурен» балабақшасының тәрбиеленуші А.Әубәкірова және «Родничок» балабақшасының тәрбиеленуші А.Баранов  бөлісті.

Біздің еліміздің киелі, таңғажайып орындары туралы шағын іс-шара өткізуді ұсынған «Қазақстанға саяхат» танымдық байқауында бірінші орынды «Юнона» зияткерлік мектебінің 4 «А» сыныбы иеленді.

Қазақстан тарихы және ҚР рәміздері бойынша викторина байқауында  «Юнона» зияткерлік мектебінің 7 «А» сыныбы бірінші орын алды.

«Менің Отаным Қазақстан!» зияткерлік ойынында «Юнона» зияткерлік мектебінің 5-7 сынып оқушылары бірінші орынды қанжығалады.