
«Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» жобасы аясында Жетісу облысы, Кербұлақ ауданында қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, этнолог, фольклортанушы Шоқан Уәлихановтың зираты басына Жетісу және Алматы облысының Аналар кеңестері құран бағыштады.
Аналар Шиірбай ата бастауында да болды. «Шиірбай Ақбастау» шипалы суы Майтөбе елді мекеніне жақын жерде орналасқан. Бұл жерде 1932-1950 жылдар аралығында бірнеше су диірмендері болған. Аталмыш минералды су іш құрылысы, көз, тыныс, қан қысымы, тері, бауыр, бүйрек ауруларына ем. Сондай-ақ, тауларының энергетикалық тазалығынан бөлек, балшығы да түрлі сырқатқа шипа.
Бір-біріне ұқсамайтын жеті бұлақты біріктірген Шиірбай бастауы еліміздің қасиетті орындарының қатарына кіреді.