Қазақстан журналистері өздерінің кәсіби мерекелері

Қазақстан журналистері өздерінің кәсіби мерекелері

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнін атап өтуде. Бұл мереке осы сала өкілдерінің еңбегін атап өтуге мүмкіндік беретін мереке. Қазақстандық журналистика қызметкерлері әрқашан патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілік құндылықтарын насихаттаған. Қазіргі журналистер аға буынның салған дәстүрлерін  лайықты жалғастырып келеді. Бүгінде барлық отандық бұқаралық ақпарат құралдары елімізде жүргізіліп жатқан реформалар  туралы  халықты хабардар ете отырып, біздің мемлекеттілігімізді нығайту жолында жұмыстар атқаруда.

Осы мереке аясында журналистерді Жетісу облысының Ескелді ауданында, Жоңғар Алатауы баурайында, Қора өзенінің шатқалында орналасқан Бұрхан бұлақ сарқырамасында баспасөз туры ұйымдастырылды. Сарқыраманың  жалпы биіктігі-168 метр, 4 каскадтан тұрады, ал сарқырама төменгі үш каскад – 114 метрден көрінеді. Сарқырама теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте орналасқан.

Іс-шара бейбітшілікті, бірлікті және ұлтаралық келісімді нығайту тақырыбында материалдар жариялайтын Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы жетекші журналистер мен сарапшылар клубының өкілдерін қолдау, көтермелеу мақсатында  өтті. Жетекші журналистер клубы Қазақстан халқы Ассамблеясының тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-сараптамалық және ақпараттық органы болып табылады.

Баспасөз турының қорытындысы бойынша қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.