Алматы облысы, Қонаев қаласында Алматы облысының ішкі саясат басқармасы, облыстық Рухани жаңғыру орталығының ұйымдастыруымен 4 шілде күні «Ұлттық этноспорт түрлері бойынша семинар» өтті.

Алматы облысы, Қонаев қаласында Алматы облысының ішкі саясат басқармасы, облыстық Рухани жаңғыру орталығының ұйымдастыруымен 4 шілде күні «Ұлттық этноспорт түрлері бойынша семинар» өтті.

Іс – шараның мақсаты қазақтың мінез-құлқымен біте қайнасқан ұлттық спортты түгендеп, белгілі түрлерін одан әрі дамытып, кеңінен насихаттау, федерация басшыларының идеяларын біріктіру.

Шара барысында, Алматы облысы мен Қырғыз Республикасының Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басқармалары арасында мемлекеттің ұлттық спорт саласындағы саясатын жүзеге асыру және екі жаққа тиімді ынтымақтастықты орнатуға бағытталған Меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ, ұлттық этно-мәдени спорт түрлерінен және тәрбие, мәдениет,ұлт аралық қатынас, тарих тақырыптарында семинар өткізіліп, Қырғыз Республикасының Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басқармасы Алматы облысының ұлттық ойын федерациясы басшыларының назарына презентация ұсынды.