
Іс-шараға Алматы қаласы мен Алматы облысының «Ассамблея жастары» РҚБ, ҚХА өкілдері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар өңірлердегі жобаларды іске асыру тәжірибесімен, алдағы уақытқа бағытталған жоспарлары туралы бөлісіп, этносаралық қатынастар және жастар саясаты салаларының өзекті мәселелері талқыланды.
Қазақстандық режиссер Б.Қалымбетовтың «Талан» фильмі көрсетілді. Фильм өткен ғасырдың 20 және 30 жылдары ата-бабаларымыздың бастан кешкен кезең туралы баяндайды. Ашаршылық пен қуғын-сүргін жылдары жетім қалған екі баланың драмалық жағдайда кездесу оқиғасы туралы айтылады.
Кездесу соңында Алматы қаласының Республикалық «Қоғамдық келісім» ғимаратына экскурсия ұйымдастырылып, мекеменін жұмысымен танысты.