Биыл Алматы облыстық орыс орталығы 30 жылдық мерейтойын атап өтуде

Биыл Алматы облыстық орыс орталығы 30 жылдық мерейтойын атап өтуде

Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеяның жұмысына, этносаралық бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өз үлестерін қосып, славян этносының рухани және мәдени мұрасын, орыс мәдениетін сақтауға және дамытуға арнап жұмыс атқаруда.

27-28 мамыр күндері Талдықорған қаласында Славян жазуы мен мәдениеті күндері аясында облыстық орыс орталығының мерейтойына арналған «Жетісу шұғыласы» фестивалі өтті.   

Қатысушыларға халық шығармашылығы мен қол өнер шеберлері бұйымдарынан көрме – жәрмеңке ұсынылып,  қолдан жасалған бұйымдар, моншақтан жасалған әшекейлер және тағы басқалар көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды. Мерекенің ең кішкентай қонақтары үшін жеке алаңда аниматорлар мен ойын-сауық ойындары, түрлі байқаулар, викториналар мен жарыстар ұйымдастырылды.