Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеяның жұмысына, этносаралық бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өз үлестерін қосып, славян этносының рухани және мәдени мұрасын, орыс мәдениетін сақтауға және дамытуға арнап жұмыс атқаруда.
27-28 мамыр күндері Талдықорған қаласында Славян жазуы мен мәдениеті күндері аясында облыстық орыс орталығының мерейтойына арналған «Жетісу шұғыласы» фестивалі өтті.
Қатысушыларға халық шығармашылығы мен қол өнер шеберлері бұйымдарынан көрме – жәрмеңке ұсынылып, қолдан жасалған бұйымдар, моншақтан жасалған әшекейлер және тағы басқалар көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды. Мерекенің ең кішкентай қонақтары үшін жеке алаңда аниматорлар мен ойын-сауық ойындары, түрлі байқаулар, викториналар мен жарыстар ұйымдастырылды.