«Мемлекеттік рәміздер  – Тәуелсіздік нышаны» атты республикалық конференциясы

«Мемлекеттік рәміздер  – Тәуелсіздік нышаны» атты республикалық конференциясы

Алматы облысының Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен  27 мамырда ҚР мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған «Мемлекеттік рәміздер  – Тәуелсіздік нышаны» атты республикалық конференция өтті.

Конференцияға Мемлекеттік Елтаңбаның авторы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлтық университетінің профессоры Жандарбек Мәлібекұлы, Л.Гумилев  атындағы Еуразия ұлтық университетінің  Түркітану және Алтайтану ғылыми-зерттеу орталығының директоры Қаржаубай Сартқожаұлы,  филология  және қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры Серік Негимов шақырылды. Сондай-ақ,  конференция жұмысына  қоғам белсенділері, әр сала қызметкерлері, үздік оқушылар, БАҚ өкілдері қатысты. 

Конференция  барысында патриотизмді нығайту жолында мемлекеттік рәміздердің маңызы мен ролі ұлықталып, ашық ой алаңы өткізілді. Патриотизмді ілгерілетіп жүрген үздіктер  облыс әкімінің орынбасары Б.Байжұмановтың  және ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Керімбектің «Алғыс хатымен» марапатталды.