Жандарбек Мәлібекұлымен «Open air» форматында кездесу өтті

Жандарбек Мәлібекұлымен «Open air» форматында кездесу өтті

Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Рәміздеріне 30 жыл толуына орай сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Барыс орденінің иегері - Жандарбек Мәлібекұлымен «Open air» форматында кездесу өтті.

Шара қатысушылары: БАҚ өкілдері, архитекторлар, суретшілер, дизайнерлер, кала тұрғындары мен қонақтары

Шара аясында, Жандарбек Мәлібекұлымен сұхбат және жиынға қатысушыларымен кері байланыс ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, Қол күресінен ХІ дүркін Азия чемпионы, ІІ дүркін әлем чемпионы және халықаралық дәрежелі спорт шебері атанған - Абдуали Төлегенұлы Тастановқа Жандарбек Мәлібекұлы Мемлекеттік Туды табыстады.