
Әр әулеттегі әкенің отбасы мен қоғамдағы рөлін, адамгершілік қасиеттерін насихаттау мақсатында облыстың аудандары мен қалаларындағы көп балалы 25 әке үлгілі «Асыл әке» төс белгісімен марапатталды. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Керімбек, облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Н.Баймадиева, Кербұлақ ауданының Аналар кеңесінің төрағасы Ғ.Ақбасова, Ақсу ауданы Қапал ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы В.Чепельдер сөз сөйлеп, жиналған жастарға іс-шараның тәрбиелік мәнін түсіндірді. Қатысушыларға «Әке – асқар тау» сауалнамасы таратылды.
Кербұлақ ауданы Сарыөзек кентінің орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары Л.Егембердиеваның «Менің әкем» сценарийі бойынша қойылым көрсетті.