Алматы облысының ішкі саясат басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру және үйлестіру, алдын алу, құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту мәселелері бойынша облыстық басқармалар арасында мемлекеттік қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
Шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша Департаменті превенция басқармасының басшысы – Асқар Жұмаханұлы Садыков пен І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Құқық саласындағы білім беру бағдарламасының қауымдастырылған профессорының м.а Даурен Нуржанұлы Бекежанов қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.