Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде жергілікті деңгейде Тұрақты даму мақсаттарын оқшаулау бойынша семинар

Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде жергілікті деңгейде Тұрақты даму мақсаттарын оқшаулау бойынша семинар

2022 жылғы 31 наурыз - 1 сәуір аралығында Алматы облысында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп Қазақстан Республикасында Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде жергілікті деңгейде Тұрақты даму мақсаттарын оқшаулау бойынша семинар ұйымдастырды.

Семинарға жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жеке сектордың өкілдері, оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, тәуелсіз сарапшылар қатысты.

Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Тұрақты даму мақсаттары хатшылығының сарапшылары Қазақстандағы Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудың үдерісінің ағымдағы жай-күйімен таныстырды. Сондай-ақ, Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруда облыстың проблемалары мен мүмкіндіктерін анықтау бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Семинардың қорытындысы бойынша Тұрақты даму мақсаттарын оқшаулау бойынша тәжірибелік сабақтардың нәтижелері егжей-тегжейлі талқыланды.

Қорытындылай келе, семинарға қатысушылар арасында өңір үшін және жалпы Қазақстан үшін басым Тұрақты даму мақсаттары таңдау бойынша дауыс берілді. Семинарлардың нәтижелері Қазақстанда Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудың келесі кезеңінде ескерілетін болады.