Алматы облыстық білім басқармасы, «Қоғамдық келісім» КММ және облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Алматы облыстық білім басқармасы, «Қоғамдық келісім» КММ  және облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Мақсаты – аймақтағы білім беру мекемелерінде  этностар арасындағы келісімді және татулықты, жалпыұлттық бірлікті, қазақстандық патриотизм мен азаматтық бірегейлік пен рухани-құқықтық мәдениетті өскелең ұрпақ арасында қалыптастыруға тәрбиелеу.

Ата-аналарға, мектеп ұжымына, оқушыларға  әлеуметтік мәселелерді шешуге құқықтық-консультативтік, психологиялық, медиативтік кеңес беру  қарастырылған.

Оқу орындарында Аналар кеңестерін және жасөспірімдер арасында жанжалдық жағдайлардың алдын-алу үшін  медиацияның тиімді механизмдерін қолдану мақсатында «Жас медиатор» клубы және «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру бойынша «Кітап құмарлар», «Жас саясаткер» клубтарын құру қарастырылуда.