
14 наурыз - «Көрісу күніне», орай үлкендерден бата алу дәстүрі бойынша облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ҚХА мүшесі және Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О.Жақияновтың шаңырағында кездесу өткізілді. Жастарға 61 жыл еңбек жолында, оның ішінде 53 жыл мемлекеттік қызметте, Оралбек аға туған өлкенің дамуына үлкен үлесі және өнегелі өмір жолы туралы кітаптар, тарихи деректер, фото құжаттар таныстырылды.
Әр этнос өкілдерінің киімін киген «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері әлеуметтік желілерге тағылымды шара туралы бейнеролик орналастырды.