Қаратал ауданы Бастөбе тауының етегінде «Қазақ халқына мың алғыс!» монументінде Алғыс айту күніне арналған салтанатты митинг өтті.

Қаратал ауданы Бастөбе тауының етегінде «Қазақ халқына мың алғыс!» монументінде Алғыс айту күніне арналған салтанатты митинг өтті.

Ескерткішке облыстық әкімі және ҚХА атынан гүлдер қойылды. Қаратал ауданының әкімі   Е.Исабеков, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Керімбек,  «Достық» аллеясын ұйымдастырушы, «Тханьиль Нанум» Орта-Азия академиясының директоры  Ли Дже Ван,  аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Р.Ибраимов, корей этномәдени бірлестігінің мүшесі В.Пак құттықтау сөз сөйледі. Қаратал ауданының этномәдени орталықтары өкілдерінің мерекелік құттықтауларымен қорытындыланды.