Журналистер үйінде классикалық шахматтан ашық турнир өтті

Журналистер үйінде классикалық шахматтан ашық турнир өтті

Жарыс ақыл-ой дамуына әсер ететін зияткерлік ойындарды насихаттау және танымал ету мақсатында өтті. Турнирге облыстың әр басқармасынан 10-ға жуық шахматшы қатысты.

Барлық қатысушылар лайықты ойын көрсетті, осындай форматтағы жарыстарда баға жетпес тәжірибе алды және өздері үшін пайдалы уақыт өткізді.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Турнир Журналистер үйінің біріктіруші күші және жалпы корпоративтік мәдениеттің бөлшегі болатынына сенімдіміз.