«Талдықорған» газеті жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанындағы заңды тұлға болып табылады және өзінің кәсіпкерлік қызметін дербес жүзеге асырады

«Талдықорған» газеті жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанындағы заңды тұлға болып табылады және өзінің кәсіпкерлік қызметін дербес жүзеге асырады

Баспа өнімдерін сату, жарнама орналастыру, мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыру үшін конкурстарға қатысу арқылы өз бетінше ақша табуға тиісті. Бұл ұжымда 11 адам еңбек етеді. Жергілікті атқарушы органдардың осы ЖШС алдында мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыру бойынша қандай да бір шарттық міндеттемелері жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы қолданыстағы заңнамаға, сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру қағидаларына сәйкес, аталған газет жарияланған конкурсқа қатысуға құқылы.