
Осы кездесу барысында Орталық басшысы Төлемісова Жанат баршаны Орталықтың жоспарымен және ережесімен, алдағы жылға арналған мақсат-міндеттерімен таныстырды. Проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Деректер базасына есепті уақытылы тапсыру қажет екені туралы, әртүрлі конкурстарға, гранттарға, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа өтінімдер беру туралы айтылды
ҮЕҰ өкілдерінің әлеуетін арттыру жұмыстары бойынша биылғы жылы тәжірибелі тренерлерді тарта отырып 4 ҮЕҰ мектебін, «Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі-2022» облыстық байқауын және басқа да түрлі іс-шараларды өткізу жоспарлануда.
Жиын соңында Еуразия Қоры мен Тұңғыш Президент Қорының байқауларына белсенді қатысуға шақырып, Орталық өз тарапынан өтінімдерді беруде консультативтік-әдістемелік көмек көрсетуге дайын екен туралы айтылды.