
Жетісу төрінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің Салтанатты кездесуі 10 желтоқсанда өтті.
«Қоғамдық келісім» Мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған салтанатты жиынға Алматы облысы әкімінің орынбасары, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Б.Байжұманов қатысып, ҚХА жанындағы барлық құрылымдардың өкілдерімен жүздесіп, ой-пікірлерін тыңдады.
Шара барысында облыстық Ассамблеяның қызметіне арналған «Бірлік пен келісім жолымен» фильмі көрсетіліп, 2021 жылы «Қоғамдық келісім» мекемесі ұйымдастырған барлық шаралар аталып өтті.
Б.Байжұманов Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 21 қазан күні Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісі қалыптасқанын, оның тиімділігін әлемдік қоғамдастық танығанын, ел бірлігін нығайтудың маңыздылығын, бұл бағыттағы жүктелген жұмыстарға тоқтала кетіп, Ассамблеяның ақпараттық жұмысын тиімді жүргізу, мәдениеттер диалогы, жалпыұлттық азаматтық патриотизмді арттыру, әлеуметтік, қылмыстық және тұрмыстық жанжалдардың алдын алу бойынша бірқатар тапсырмаларға тоқталды.
ҚХА құрылымдары этносаралық келісімді сақтауға және қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға үлкен үлес қосып жатқандықтан Б.Байжұманов барлық құрылымдарға дән ризашылығын білдіріп, келер жылғы бірқатар жоспарлар талқыланды.