«Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедициясы – бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы» жобасы

«Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедициясы – бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы» жобасы

«Бейбітшілік пен келісім жолымен» - «Хабар» телеарнасының телевизиялық экспедициясы дәл осындай атауға ие болды. Бірегей жоба Қазақстанның барлық өңірлерін қамтыды.

Алматы облысында осы телевизиялық жоба сериясының тұсаукесері 3 желтоқсанда өтті. Онда біздің Республикамызда тұратын түрлі этнос өкілдерінің бірегей тарихы ашылған.

Біздің еліміз - 130-дан астам этнос өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін орын. Бүгінде олардың әрқайсысы біздің ортақ үйіміз — Қазақстан Республикасының дамуына өз үлесін қосуда.

Фильмнің тұсаукесеріне облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы барлық құрылымдардың өкілдері, жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.