
"Қоғамдық келісім" КММ-і Алматы облысының кәсіпқой емес медиаторлары арасында алғаш рет "Үздік медиатор" облыстық байқауын қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында медиацияны насихаттау және дамыту мақсатында өтті. Сондай-ақ, қандай да бір дауларды реттеу бойынша қызмет көрсететін кәсіби емес медиаторларды анықтау және көтермелеу болып табылады.
Байқау барысында қатысушылар ұсынылған материалдарды - портфолио презентациясын, белгілі бір жанжалды жағдайда шешу жолдарын ұсынды. Портфолио қызметтің негізгі бағыттары бойынша нақты бағдарламалар мен іс-шаралар шеңберіндегі жұмысты бейнелейтін бөлімдерден, мәтіндік түсініктемелерден, статистикалық мәліметтерден, фотоматериалдардан, кәсіби емес медиатор қызметінің келешегінен, жұмыс жоспарларынан тұрды. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Сарқан ауданының Қоғамдық медиаторы Гүлшарбан Қалиева алса, екінші орынды Текелі қаласының қоғамдық медиаторы Ернар Мұсанов иеленді. Конкурс жеңімпаздары мен қатысушыларына дипломдар мен бағалы сыйлықтар салтанатты түрде табыс етілді.