«Қоғамдық келісім» КММ-де Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Туған жерім – Қазақстан!» атты облыстық форум өтті.

«Қоғамдық келісім» КММ-де Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған   «Туған жерім – Қазақстан!» атты облыстық форум өтті.

Форум аясында қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған байқау өтті.

Байқау жасөспірімдер мен жастарды рухани-адамгершілік құндылықтар үлгісінде патриоттық тәрбиелеу, әлемге әйгілі  ақын Жамбыл Жабаев пен көрнекті украин жазушысы және суретшісі Тарас Шевченконың шығармашылық мұрасы туралы түсініктерін кеңейту және тереңдету, Қазақстан халқының өзара байыту мәдениетін дамыту мақсатында өтті.

Байқау 2 кезеңнен тұрды. Екінші кезеңге  Талдықорған қаласының 9 орта мектептердің оқушылары және  1 шығармашылық ұжымы өтті. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды № 10 орта мектептің 9 сынып оқушысы Виталина Егорова алды.

Шара соңында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қауымдастырылған профессоры Сайлау Қожағұлов, «Қоғамдық келісім» КММ жетекші сарапшысы Юлия Спирченко құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушылардың шығармашылығына сәттілік тіледі. Форум жарқын концерттік бағдарламамен жалғасын тауып,  жеңімпаздар мен қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.