
2013 жылдан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан Қоғамдық келісім кеңесі құрылған болатын. Бүгінде Алматы облысында 312 кеңес жұмыс істеуде. Кеңестің негізгі міндеті азаматтық, қоғамдық келісім және қоғамдағы жалпыұлттық бірлік, бірегейлікті нығайту және дамыту мақсатында азаматтық қоғам институттарын, саяси және үкіметтік емес ұйымдарды, өзге де бірлестіктерді шоғырландыру болып табылады.
Күн тәртібінде Алматы облысы Қоғамдық келісім кеңестерінің жергілікті тұрғындар арасында туындайтын мәселелерді реттеу жөніндегі жұмысын талдау және бағалау болды. Форум барысында кеңестердің атқарған жұмыстары туралы фотоальбомдар мен брошюралар, қайырымдылық шаралар, Медиацияны дамыту бойынша жұмыстар, сондай-ақ ауданның, ауылдық округтердің төлқұжаттары мен этнокартасын көрсету мақсатында көрме ұйымдастырылды. Қорытындысында Бас жүлдені – Іле аудандық Қоғамдық келісім кеңесіне бұйырды, бірінші орынды Ақсу және Алакөл аудандық қоғамдық келісім кеңесі бөлісіп, жеңімпаздар марапатталды.