ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР: Алматы облысының ішкі саясат басқармасы, Алматы облысы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі.
МАҚСАТЫ:Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылатын шара барысында Жетісу өңірінің айтыс мектебін қалыптастырған қайраткерлердің өмірін, мұрасын зерделеу және дәріптеу, осы бағытта еліміздің халық қазынасына айналған айтыс өнерінде жеткен жетістігін жеткізу, Тәуелсіздік мұраттары мен құндылықтарын насихаттау, Тәуелсіздік жылдары атқарылған игі істерін ұлықтау, жастарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық байланыста бірлесіп жұмыс атқару, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығын түсіндіру, осы арқылы көпшілікке өскелең ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеп, олардың таным-талғамын ұлт руханиятына бағыттау, қазақ халқының мәдениеті мен салтын насихаттау.
Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.
Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған.
«Біржан мен Сара айтысы» тақырыбын зерттеген немесе Біржан сал Қожағұлұлы мен Ақын Сара Тастанбекқызының өмір жолын, шығармашылық мұрасы мен қоғамдық-мәдени қызметін жан-жақты зерттеп жүрген кәсіби мамандар, елімізге танымал тұлғалар, ғалымдар және жазушылар Біржан сал мен ақын Сараның өмір жолы, қоғамдық-мәдени қызметі туралы ойлары мен зерттеулерін, тың архивтік деректерін оқырманға айтады.
Конференция аясында «Біржан Сара айтысы» туралы кітаптың тұсау кесері, елімізге танымал тұлғалар, ғалымдар мен жазушылардың баяндамасы, «Біржан Сара» туралы бейне-сюжет қою және «Біржан Сара» спектаклін ұйымдастыру қарастырылған.
ҚАТЫСУШЫЛАР:«Біржан мен Сара айтысы»тақырыбын,қызметін жан-жақты зерттеп жүрген кәсіби мамандар, елімізге танымал тұлғалар, ғалымдар және жазушылар, БАҚ өкілдері қатысады.
ӨТКІЗІЛЕТІН ОРНЫ МЕН МЕРІЗІМІ:23 қараша 2021 ж. сағ. 11:00 де Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Талдықорған қаласы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы.