БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТАҚЫРЫПТА КОНКУРС ӨТКІЗІЛУДЕ

БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТАҚЫРЫПТА КОНКУРС ӨТКІЗІЛУДЕ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту, сондай-ақ қазіргі жағдайда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті Алматы облысының ішкі саясат басқармасымен бірлесіп БАҚ өкілдері арасында үздік журналистік жұмыстарға конкурс өткізеді. Байқаудың мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлықты қабылдамау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық сананы қалыптастыру барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды жандандыру.

Байқау номинациялар бойынша өткізіледі:
1. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпты мерзімді баспасөз басылымдарымен үздік қамту";
2. "Ақпараттық агенттікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпты үздік жариялау";
3. "Үздік сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнесюжет";
4. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналистік тергеу";
5. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысын өңірлік деңгейде кеңінен жария ету";
6. "Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің амбассадоры".
Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.