«Jetysu style» жастар фестивалі аясында 17 қараша күні Жастарға қызмет көрсету орталығында «Тәуелсіз жастар алаңы» атты республикалық пікір-сайыс турнирі өткізілді

«Jetysu style» жастар фестивалі аясында  17 қараша күні Жастарға қызмет көрсету орталығында «Тәуелсіз жастар алаңы» атты республикалық пікір-сайыс турнирі өткізілді

Мақсаты: Жастардың қоғамдық және азаматтық пікірін қалыптастыру, көпшілік алдында еркін сөйлеуге дағдыландыру, Қазақстанның пікірсайыс қозғалысының белсенділеріне қолдау көрсету, қисынды ойлау дағдысын жетілдіру.

Аталған шараға республикамыздың 9 өңірінен (Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы, Қарағанды, Петропавл, Тараз, Түркістан,  Қостанай қалалары және Алматы облысы) үздік деп танылған 12 команда қатысты.

Турнир АПФ (Американдық парламенттік формат) форматында өтті. Бұл формат турнирдің ең дәстүрлі форматы болып табылады және Қазақстандағы пікірсайыс қозғалысына қатысушылар арасында кең таралған.

Түркістан облысынан келген команда турнир жеңімпаздары болып, ақшалай сыйлықтармен (200 000 теңге), диплом және кубокпен марапатталады. 2-орынды Алматы қаласынан келген команда алса           (150 000 теңге), Алматы облысынан қатысқан команда 3-орынға (100 000 теңге) табан тіреді.

 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасыры Жандос Сағындықұлы Жұмабаев Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еладр Қайсарұлы Сапаров марапаттады.

Пікір-сайыс алаңында қазіргі таңдағы өзекті тақырыптар, атап айтсақ NEET санаты жастарымен жұмыс, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат сынды бірқатар мәселелер қозғалады.

Іс-шараға пікірсайысшылар, журналистер, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің өкілдері және белсенді жастар қатысты.

Ұйымдастырушы: Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар ресурстық орталығы.