"Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы дара жолы" атты республикалық конференциясы

"Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы дара жолы" атты республикалық конференциясы

18 қараша күні, Талдықорған қаласы, "Атамекен" тарихи-мәдени орталығында, Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен  "Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы дара жолы" атты республикалық конференция ұйымдастырылды. Конференция Елбасының өмірі және 30 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы, оны дамытудағы ерен еңбегі мен сарабдал саясатына тікелей куә болатын құнды жәдігерлерден тұратын «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы арқылы Тұңғыш Президенттің дара жолын, Тәуелсіз Қазақстанның тарихи шежіресін, көпшілікке насихаттау және дәріптеуге бағытталған. Конференцияда отандық ғалымдар тәуелсіздік алған жылдардан бергі 30 жыл көлеміндегі мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктер, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған жұмыстар жайлы және мәдени ошақтардың заманауи қазақстандық мәдениетті дамытудағы міндеттері мен қызметтері туралы айтып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаев жайлы саяси, тарихи бағыттағы жаңа ақпараттармен бөлісті.

Баяндамашылар:

  1. Тебегенов Темірхан Сақаұлы – филология ғылымдарының докторы, профессор (Алматы қ.). « Елбасы – мәңгілік ел дамуы жолының көшбасшысы»
  2. Әбіл Еркін Аманжолұлы – тарих ғылымдарының докторы, профессор (Нұр-Сұлтан қ.).«Тарихи сананың қалыптасуы жағдайындағы Қазақстанның жаңа тарихы»
  3. Алимгазинов Қайрат Шәкәрімұлы – тарих ғылымдарының докторы (Алматы қ.).        «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың мұрағат құжаттарындағы қызметінің көрінісі»
  4. Ақыш Нұрдәулет Бәбиханұлы – филология ғылымдарының докторы (Алматы қ).  «Елбасы Жолдауларындағы патриоттық рух көріністері».

5.Омарова Ләйла Әріпқызы – педагогика ғылымдарының магистрі (Нұр-Сұлтан қ). «Елбасытану» элективті курсының ұйымдастырылуы.

  1. Шашаев Әуезхан Қадыржанұлы – тарих ғылымдарының кандидаты (Алматы қ.). «Рухани жаңғыру аясындағы қазақстанның киелі жерлері географиясы».
  2. Есмұрзаева Үрзада Атабекқызы – «Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының» бөлім басшысы (Теміртау қ).«Рухани жаңғыру – саяси және экономикалық жаңғырулардың өзегі».
  3. Шоқай Ералы Төлендіұлы – Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің бөлім меңгерушісі (Түркістан обл.).«Елбасы ескерткіштерді қорғаудың ерен үлгісін ұсынды».

Конференция бойынша тарих, филология, педагогика ғылымдарының мамандарының баяндамалары мен  мақалаларынан тұратын арнайы жинақ  жарық  көрді.

Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы