Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: Алматы облысында эссе мен өлеңдер конкурсы өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: Алматы облысында эссе мен өлеңдер конкурсы өткізілді

Бүгін Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаменті "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру"тақырыбында эссе мен өлеңдер жазу байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Байқауға 700-ден астам мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Байқау 12-25 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер арасында өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысуға тарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Қатысушыларға шығармашылық жұмыстардың тізімі ұсынылды:" адал еңбек"," менің сөзім сыбайлас жемқорлыққа қарсы"," сыбайлас жемқорлық деген не және онымен қалай күресу керек"," Сыбайлас жемқорлық туралы не білемін","сыбайлас жемқорлық не тудырады".

Берілген жұмыстардың саны оқушылар мен студенттерге осы тақырып өте қызықты екенін көрсетеді, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа креативті әдістері ұсынылды. Жастардың сыбайлас жемқорлықтың жеңілетініне толық сенімді екендігі қуантады. Қатысушылардың ұсынылған жұмыстарында бүгінгі күні жастардың сыбайлас жемқорлық көріністері туралы түсінігі бар екендігі көрінеді.

Іс-шара соңында Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж.Жұмабаев байқаудың барлық қатысушыларын құттықтап, байқаудың өткізілу өзектілігі туралы айтты, сондықтан мұндай іс-шараларды жастар арасында жиі өткізу қажет.

Конкурс лауреаттары болып Азамат Абзалұлы Жұмағұл (Талдықорған қаласы №4 орта мектебінің оқушысы), Сайын Сабина (Талдықорған қаласы №9 орта мектебінің оқушысы), Александра Лукьянова ("Білім" гуманитарлық - техникалық колледжінің студенті), Екатерина Бутова (Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің студенті), Аяулы Баялиева (Қарасай ауданы Белинский кенті орта мектебінің оқушысы), Жанель Дайырбек (Есік гуманитарлық – техникалық колледжінің студенті) танылды.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз және осы байқауға қатысқан барлық оқушылар мен студенттерге алғыс айтамыз.