Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Үздік ауылдық округтік Аналар кеңесі» байқауы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Үздік ауылдық округтік Аналар кеңесі» байқауы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Үздік ауылдық округтік Аналар кеңесі» байқауы 12 қарашада өтті. Байқау Аналар кеңесінің «Берік отбасы – берік мемлекет!» жобасы бойынша ауылдық жердегі Аналар кеңесінің жұмысын насихаттауға, белсенді Аналарды ынталандыруға бағытталған.

Іс-шараның ұйымдастырушы «Қоғамдық келісім» КММ және облыстық Аналар кеңесі.

Байқауды ұйымдастыру тәртібі «Берік отбасы – берік мемлекет!» тақырыбындағы Аналар кеңесінің жұмысының соңғы 2 жылда жүргізілген жұмыстарды көрсету.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округінің Аналар кеңесінің төрайымы К.Кемелбекова, І орынды Алакөл ауданы Еңбекші ауылдық округінің Аналар кеңесінің төрайымы Н.Тайкина, ІІ орынды Іле ауданы Қараой ауылдық округінің төрайымы С.Тажиева иеленді.

Байқаудың барлық қатысушылары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  Іс-шара жарқын концерттік бағдарламамен аяқталды.