
«Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар ресурстық орталығы, «Мейірімді Жетісу» фронт-офисінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 11 қараша күні «Ел - үшін егілемін» атты акциясы өткізілді. Шара барысында, қала тұрғындарына вакцинация бойынша ақпараттық үгіт-насихаттық жұмыстары жүргізіліп, 150 дана үлестірмелі парақшалар таратылды. Қала тұрғындары вакцинация бойынша толық ақпараттандырылды. Қатысушылар саны – 160 адам.
Мақсаты: Қала тұрғындары және жасөспірімдер арасында вакцинация бойынша толыққанды ақпараттандырып, үгіт-насихаттық жұмыстарын жүргізу. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Ұйымдастырушылар: Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар ресурстық орталығы, «Мейрімді Жетісу» фронт-офисі.