«Jer Jannaty Jetisy» жобалар байқауының кезекті жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі

«Jer Jannaty Jetisy»   жобалар байқауының кезекті  жеңімпаздарын  салтанатты түрде марапаттау рәсімі

20 қазанда Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Алматы облысы  ішкі саясат басқармасы» ММ   «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен  әр этнос өкілдерінің  белсенді жастарын қолдауға арналған  облыстық  «Jer Jannaty Jetisy»   жобалар байқауының кезекті  жеңімпаздарын  салтанатты түрде марапаттау рәсімі  өтті. Аймағымыздан 30-ға жуық жас кәсіпкер жобаларын ұсынып, нарықта өзекті болар идея ұсынған 10 кәсіпкер жеңімпаз атанды. Олар:  Қамысқала ауылынан Абай Қуаныш, 

 Ынталы ауылынан Алтынбек Қарлығаш,

 КазЦИК ауылынан Әлғожа Әліби,

 Лепсинск ауылынан Аитова Фарида,

 Бақтыбай ауылынан Жолдыбай  Ельдар,

 Өтенай ауылынан Қанапия Шұғыла,

 Бақтыбай ауылынан Досанов Қуат,

 Достық ауылынан Мұхамадиева Айдана,

 Теректі ауылынан Мезамитдинова Алия,

 Қарабөгет ауылынан Толеуханова Дамира, 600 мың теңгенің бақытты иегерлері атанды.