Құрметті жиналған қауым !
2020 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң қабылданды.
Митинг дегеніміз заңды түрде халықтың алаңға шығып бейбіт жолмен мәселені талқылауы. Бұл - азаматтық қоғамның көрінісі. Митинг заң аясында өтсе, бейбіт түрде болса бұл дұрыс үрдіс.
Осы заңды іске асыру бағытында облыста бейбіт жиналыстар мен акциялар өткізуге арнайы 22 орын, бейбіт шеру өткізуге 20 бағыт белгіленіп, мәслихаттармен бекітіліп, қабылданды. Бейбіт жиналыстар (пикеттеуден басқа) арнайы орындарда ғана өтеді.
Анықтама: аудан, қала орталықтарында митинг ұйымдастыруға 1 орын және шеру, демонстрация өткізуге 1 бағыт. Облыс орталығы Талдықорған қаласы бойынша 3 орын мен 1 бағыт.
Өткен жылмен салыстырғанда бейбіт акцияларға шығатын қоғам белсенділері көбейді. Мәселен, өткен жылы барлығы 41 хабарлама/өтініш түссе, 2021 жылдың 9 айы бойынша 55 хабарлама тіркелді, (14 артты). Оның ішінде бір кісілік пикет өткізуге - 33, митинг, жиналыс өткізуге - 22 өтініш.
Аудан, қала бөлінісінде: Талғарда – 26, Талдықорған қаласында – 19, Көксу, Алакөл, Іле аудандарында – 2 -ден, Ескелді, Сарқан, Кербұлақ, Қарасай аудандарында – 1 хабарламадан тіркелген. Сондай-ақ, Талғар ауданында бір тақырыпта (жерді қытайлықтарға сатпау, қытай зауыттарын салдырмау, т.б.) үш азаматтан (Нусупалиев Айдын, Хуаныш Досжан, Қасымбеков Құрманғазы) бірнеше рет өтініш түскен.
Талдау нәтижесінде өтінішітердің 28% - шетелдіктерге жер сатуға қарсылық таныту, 19% - жер, тұрғын үй, газдандыру және т.б. қоғамның әлеуметтік мәселелері, 16% - сот, құқық қорғау органдары жұмыстарына сенімсіздік білдіру, 13% - өндіріс, кәсіпорын жұмыстарына наразылық, 14%- жергілікті атқару орган басшыларына қатысты, 10%- медициналық сұрақтар мен вакцинация мәселелері.
Түсіндіру жұмыстары нәтижесінде жиын өткізуден бас тарту туралы өтініштің түсуіне байланысты 3 хабарлама қараусыз қалдырылды, 2 келісілген бір кісілік пикет (5.05.21,Талғар қаласында, ҚР азаматтарын саяси қудалауға қарсы наразылық, Ибраимова Анар; 8.09.21, Талғар өзеніндегі карьерды жабу, Жарылкасымова Айман). Талдықорған қаласында 1 ақпанда (Ж.Камолданова) вакцинацияға қарсы рұқсат етілмеген митинг өтті.
Өтініште/хабарламада міндетті түрде 1) бейбіт жиналыстың мақсаты, 2) бейбіт жиналыстың нысаны; 3) ұйымдастырушы тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері немесе уақытша болатын (тұратын) жері не бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жері; 4) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын, пикеттер үшін – өткізу орны; 5) бейбіт жиналыстың басталатын және аяқталатын күні, уақыты; 6) қатысушылардың болжамды саны; 7) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының электрондық пошталық мекенжайы, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі; 8) бейбіт жиналыстар өткізуді қаржыландыру көздері;
9) бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарламаның берілген күні және ұйымдастырушының қолтаңбасы көрсетіледі. Осы талаптардың бірі сақталмағандықтан 26 азаматтың хабарламасы қанағаттандырылмады.
Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулыларына сәйкес эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеу шаралары қабылданғандықтан, 24 хабарлама бойынша азаматтардың жиналыс өткізуіне рұқсат берілмеді.
Зерделей келе, өтініштердің басым бөлігі заң талаптарына сәйкес келмегендіктен қанағаттандырылмағанын атап өту керек. Осы бағытта әлі де азаматтар арасында ақпараттық жұмыстар жүргізу керектігі айқын көрінеді. Сонымен бірге, ішкі саясат басқармасының ресми сайтында, аудан, қала әкімдіктерінің сайттарында «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» заң орналастырылған, аудан, қала әкімдіктеріне арналған семинар ұйымдастырылды.
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы»
Қазақстан Республикасының заңынан түсіндірме
Қабылданған заңның өзгешелігі.
Заңда 6 түсінік бекітілген: бейбіт жиналыс, митинг, пикеттеу, жиналыс, демонстрация, шеру. Бейбіт жиналыстың ұйымдастырушысы мен қатысушысы деген ұғымдар нақтыланды.
Заңда жергілікті атқарушы органдардың міндеттері белгіленді. Олардың құзыретіне: хабарламалар мен өтініштердің заңға сәйкестігін қарау және олар бойынша тиісті шешімдер қабылдау; ұйымдастырушылармен өзара іс-қимыл жасау үшін әрбір бейбіт жиналыс бойынша өз өкілдерін тағайындау;
әрбір бейбіт жиналысқа өкілдердің қатысуы; заңда көзделген жағдайларда бейбіт жиналыстарды тоқтата тұру немесе тоқтату.
Пикеттерден басқа, бейбіт жиналыстарды тек арнайы орындарда өткізу.
Пикеттер, жиналыстар, митингілер үшін хабарлама тәртібін енгізу. Хабарлама жергілікті атқарушы органдардан жауап талап етпейді және келісілген болып саналады. Хабарламаны беру мерзімі - 5 жұмыс күні ішінде. ЖАО үшін қарау мерзімі - 3 жұмыс күні.
Демонстрациялар мен шерулер үшін келісу тәртібін енгізу.
Демонстрациялар мен шерулер тек ЖАО келісімі бойынша жүргізіледі. ЖАО-ға өтініштерді жіберу мерзімі - 10 жұмыс күні ішінде, оны қарау мерзімі - 7 жұмыс күні.
Пикеттеу – Қазақстан республикасының бір азаматының бір уақытта және бір жерде қоғамдық маңызы бар мәселе немесе адам, ұйымдардың әрекеті бойынша пікірін білдіруі. Ол адам плакат, транспарант және басқа да көрнекі үгіттеу құралдарын пайдалана алады. Бірақ дыбыс күшейткіш техника құралдарын қодануға болмайды. Пикеттеу ұзақтығы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға арналған орындардан басқа жерлерде күніне екі сағаттан аспауға тиіс. Бір жерде, бір уақытта бірнеше адам пикетке шыға алмайды.
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу қағидаттары
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) күш қолданылмайтын сипат;
2) заңдылық;
3) мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
4) қатысу еріктілігі;
5) бейбіт жиналыстар өткізу пайдасына презумпция;
6) тараптар жауаптылығы.
Бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарлама
Бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарламада:
1) бейбіт жиналыстың мақсаты;
2) бейбіт жиналыстың нысаны;
3) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы азаматының, оның өкілінің (болған кезде) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері немесе уақытша болатын (тұратын) жері не бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жері;
4) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын, пикеттер үшін – өткізу орны;
5) бейбіт жиналыстың басталатын және аяқталатын күні, уақыты;
6) қатысушылардың болжамды саны;
7) киіз үйлер, шатырлар мен өзге де құрылысжайлар орнату туралы мәліметтер;
8) осы Заңда көзделген жағдайларда дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын пайдалану ниеті;
9) пикеттеуді қоспағанда, ұйымдастырушы бекіткен бейбіт жиналыстар өткізу регламенті;
10) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының, оның өкілінің (болған кезде) электрондық пошталық мекенжайы, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі;
11) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының, оның өкілінің (болған кезде) хабарламада көрсетілген өз дербес деректерін жинауға, өңдеуге келісімі;
12) бейбіт жиналыстар өткізуді қаржыландыру көздері;
13) бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарламаның берілген күні және ұйымдастырушының немесе оның өкілінің (болған кезде) қолтаңбасы көрсетіледі.
Хабарламаны қарау тәртібі
Журналистер бейбіт жиынға қатыса ала ма?
Иә, ол үшін бұқаралық ақпарат құралының өкілі екенін растайтын куәлігін, белгісін көрсетуі керек.
Жергілікті атқарушы орган хабарлама тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бейбіт жиналысты ұйымдастырушыға өз шешімі туралы хабарлауы қажет. Орган келісуі, бас тартуы немесе өзгеріс енгізуі мүмкін. Жауапты қолма-қол, пошта, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрон құжатпен, электрон пошта немесе ұялы байланыс нөмері арқылы жеткізеді.
Хабарламаны қарау мерзімі өткен соң жергілікті атқарушы органның жауабы болмаса, ұйымдастырушы берілген хабарламаға сәйкес бейбіт жиналыс өткізеді.
Пикеттеуді төмендегі орындарда өткізуге болмайды: