Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Алматы облыстық ішкі саясат» ММ-сі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ – і ұйымдастыруымен «Берекелі шаңырақ» жас отбасылар байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: ұлттық мәдениетті, тіл мен дәстүрді сақтау, дамыту, қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру, өскелең ұрпақты рухани-эстетикалық тәрбиелеу, адамгершілік тәжірибені насихаттау. Шараға облыстың аудан және қалаларынан 10 жас отбасы қатысып, 4 кезең бойынша бақтарын сынады.
Байқаудың бірінші кезеңі – «көңілді старт» спорттық кезеңі. Бұл кезеңде командалар бірнеше эстафеталық жарыстарға қатысты.
2 кезең – «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» атты салт-дәстүрлер кезеңі, онда отбасылар салт-дәстүрлермен қаншалықты жақсы таныс екенін көрсетті.
3 - кезең – «Ойлы болсаң, озып көр» шығармашылық кезеңі, онда отбасының әрбір мүшесімен танысу өтті, бұл ретте слайдты және ән мен өлең түріндегі бейнетүсірілімді пайдалана отырып, сондай-ақ қатысушылар қазақ тіліндегі қысқа метражды мультфильмдерді дыбыстады.
4 кезең - шығармашылық «Өнерлінің - өрісі кең», онда әр отбасы қазылар алқасы мен көрермендердің назарына өздерінің әртістік қабілеттерін (отбасылық ансамбль, пародиялар, билер, ән айту, музыкалық аспаптарда ойнау және т. б.) ұсынды.
Байқауда Текелі қаласынан келген Искановтар отбасының мерейі үстем болып, бас жүлдеге ие болса, бірінші орынды Панфилов ауданынан Мауткалиевтер отбасы, екінші орынды Көксу ауданынан келген Асқаровтар отбасы, үшінші орынды Қапшағай қаласынан келген Усабаевтар және Ескелді ауданынан Рамазановтар отбасылары иеленді.
Байқаудың жеңімпаздары мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.