
Қоғамдық медиаторлардың біліктілігін арттыру, медиация институтын дамыту мақсатында Алматы облысының «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында облыс медиаторлары үшін «Этносаралық тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтудағы интеркультурализмнің, медиацияның рөлі» семинар-тренингі және шеберлік сыныбы 15 қыркүйекте өткізілді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық институт ретіндегі басты міндеті - қоғамдық келісімді және тұрақтылықты нығайту, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру.
«Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту тұжырымдамасының мақсаттары ҚХА-ны одан әрі дамыту, қазақстандық патриотизм, қағидаттары негізінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдің, ұлтты тұрақты жаңғыртудың, сондай-ақ интеркультурализм саясатының біріктіруші рөлі болып табылады», - деп атап өтті медиация кабинетінің жетекшісі, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Заң ғылымдарының кандидаты, професор, жаттықтырушы-медиатор Бақыт Чингаева.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, толғандырған сұрақтарға жауап алды.