
08 қыркүйекте Алматы облыстық ішкі саясат, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармалары, І.Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті ҚХА кафедрасының, «Қоғамдық келісім» КММ-сі ұйымдастыруымен қазақстандық патриотизмді және интеркультурализм қағидатын ілгерілету, ҚХА қызметінің тиімділігін арттыру, этнос өкілдерінің қара өлеңдерін жастарға таныстыру мақсатында, С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасында танымал жазушылардың кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараға этнос өкілдері, студенттер және мекеме қызметкерлері қатысып, этнос өкілдерінің қара өлеңдерімен танысты. Облыстық ішкі саясат басқармасының ҚХА хатшылығы - этносаралық қатынастар бөлімінің бас маманы Ә.Оралов және облыстық «Туган тель» татар этномәдени орталығы мен «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының төрайымы Р.Усанова спикерлер болып, сөз сөйледі.