Қазақ елі мемлекет басшысын - Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын зор қуанышпен тыңдады деп ойлаймын.

Қазақ елі мемлекет басшысын - Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын зор қуанышпен тыңдады деп ойлаймын.

Бұл дәстүрлі Жолдауда Президент елдің алдағы әлеуметтік – экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтты. Мемлекет басшысы еліміздің қазіргі жеткен жетістіктеріне, береке – бірлікпен еселі еңбектің арқасында қол жеткізгенімізге тоқтала келіп, келешекте де кез – келген сың қатерге дайын болуды ескертті. Президент айтқан және қабылдаған шаралар шетінен жүзеге асып жатыр. Сонымен бірге алға қойылған міндеттер соңына дейін іске асуы тиіс. Солардың қатарында пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, экожүйе құруға, саяси жаңғыруға, адам құқығын қорғау мен ұлтты ұйыстыруға бағытталған бастамаларын жариялады. Жолдауда Мемлекет басшысы елдің алдағы әлеуметтік –экономикалық дамудың басым - бағыттары туралы айтты. Сондай- ақ, 1 қаңтардан бастап минималды жалақы 42500-ден 60000 мың теңгеге өсетіні және 2025 жылға дейін жыл сайын 20% көтеріліп тұруы қуантарлық жаңалық болды. Мемлекет басшысының жолдауын толығымен қолдаймын!

ЖАНАТ ТУЛЕМИСОВА

Алматы облысы ҮЕҰ консалтинг орталығының жетекшісі